Ертең Үкімет отырысында Елбасы 11 қазан күні жүктеген маңызды тапсырмалардың орындалу барысы талқыланады

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Үкімет отырысында Елбасы жүктеген маңызды тапсырмалардың орындалу барысы талқыланады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«5 қарашада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін отырыста 11 қазандағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке берген бірқатар маңызды тапсырмаларының орындалу барысы, олардың қалай іске асуы жөніндегі мәселе басты тақырып болады», - деді ол.