Ертең Үкімет отырысында нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралады

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 17 қыркүйек күні ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізаттық сектордан кірістерді пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жоспарланған, деп жазады primeminister.kz.

Осылайша, Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау бойынша Тұжырымдаманы бекіту туралы» Үкіметтің қаулы жобасы қаралады. Аталған мәселе бойынша өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин баяндама жасайды.

Сонымен қатар, мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин «Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізаттық секторынан кірістерді пайдалану Тұжырымдамасын бекіту туралы» Президент Жарлығының жобасы туралы мәселе бойынша баяндама жасайды.