Ертең Ванкуверде олимпиада қалашығының салтанатты ашылуы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Ертең Ванкуверде олимпиада қалашығының салтанатты ашылуы болады. Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы Анатолий Құлназаров бастаған қазақстандық делегация қатысады,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанның Туы ресми түрде ақпанның 8-інде көтеріледі. Мемлекеттік Тудың олимпиада қалашығында дәстүрлі көтерілу салтанаты елдің Олимпиада ойындарына қатысуға даярлығын білдіреді.

Ванкувердегі Олимпиада ойындары ақпанның 12-сі мен 28-і аралығында өтетінін еске саламыз.

Қазақстандық 37 спортшы спорттың 15 түрінің 9-ы бойынша сайыстарға қатысады, олар: биатлон, шаңғы жарысы, таудағы шаңғы спорты, коньки спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және фристайл акробатика.