1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.
08:31, 23 Сәуір 2010
Ертең - Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні
АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат. - Ертең - Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні. Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясының шешімімен жыл сайын 1957 жылдан бастап аталып келеді. Бұл атаулы күн бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың жастар мәселелеріне назарын аударуға бағытталған.