деп хабарлады бейсенбі күні «РИА «Новости» агенттігіне берген сұхбатында «Росавиация» басшысының кеңесшісі Андрей Прянишников.
Оның айтуынша, «Союз ТМА-18» ғарыш кемесін мәскеу уақыты бойынша сағат 08.53-те Жезқазғанның (Қазақстан) оңтүстік-шығысына қарай 145 шақырымдай жерге қондыру жоспарланып отыр.
«Қазіргі таңда «Росавиацияның» іздеу-құтқару күштері толық әзірлікке келтірілген. Аппараттың қонуын үш ұшақ - екі Ан-24 ұшағы және бір Ан-12 ұшағы, 12 Ми-8 тікұшағы қамтамасыз етеді, олардың барлығы Қарағанды және Жезқазған қалаларында күтіп тұр. Тағы алты іздеу-құтқару машинасы бар»,- деді Прянишников.
Ертең Халықаралық ғарыш стансысынан Жерге ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Михаил Корниенко және американдық астронавт Трейси Колдвелл-Дайсон оралады.