Ертең - Журналистердің халықаралық ынтымақ күні
18:07, 07 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 8-і - Журналистердің халықаралық ынтымақ күні.
Бұл - чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілердің Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген күні. Жалынды журналисті еске алу мақсатында бұл атаулы күн Халықаралық журналистер ұйымының Бухаресте өткен IV конгресінің шешімі бойынша 1958 жылдан бері атап өтіледі.