Ертеңгі Үкімет отырысында көлік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылады

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Үкімет отырысында көлік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ертең Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында көлік-логистика жүйесін және транзиттік тасымалды дамыту мәселесі қаралады», - деді ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жобасын таныстырады деп күтілуде.