ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына келген халық өзінің қалауын жасап, Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтастық пен татулықтың асқан үлгісін көрсетті. Бұл жайында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің профессоры, ақын Өтеген Күмісбаев ҚазАқпарат тілшісіне өз пікірін білдірді.
Профессор еркін еліміз ертеңіміз үшін тамаша таңдау жасағандығын айтады. «Өзіне сенген адамның қолынан көп нәрсе келеді», - депті бір данышпан адам. Ел ағасы ең алдымен өзіне, сосын барып еліне сенді. Дұрыс таңдау елді ешқашан адастырмайды. Ел кемелденуінің еңселі бағыты жаңа биіктерге апаратынына шексіз де кәміл сенеміз. Ырыс алды - ынтымақ еді, біз бүкіл дүние жүзіне ырысты, тату, келешегі зор халық екендігімізді дәлелдедік», -дейді Ө.Күмісбаев .
Сонымен қатар ол Елбасының биылғы халыққа Жолдауында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығында көптеген нәтижелерге қол жеткізгендігін атап өткендігін айтып өтті. «Қазақстанның, қазақ халқының тағдыры - Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен егіз. Халқының ұлы азаматы, перзенті, патриоты жаңа жарқын жолға елін бастай бермек. Елбасымыз көші мықты, керемет елдің кемеңгер ұлы Нұрсұлтан Әбішұлымен біргеміз», - дейді ақын.