Ертеңнен бастап FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелгеніңіз үшін ақы төлейсіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 тамыздан бастап FlyArystan халықаралық рейстеріне тіркелу ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.

FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу үшін ақша төлейсіз. Бұл қызметті алдын ала сатып алсаңыз — 5 000 теңге, ұшар алдында төлесеңіз — 10 000 теңге.

Ал алдын ала онлайн тіркелсеңіз - тегін.

«Уақытыңызды үнемдеңіз және аз уақытта отырғызу талоныңызды басып шығарыңыз. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстер үшін әуежайда тіркелу ақылы» деп ескертті компания.

Еске сала кетейік, мұның алдында FlyArystan-ның Астана - Түркістан рейсі 15 сағатқа кешігіп ұшқан болатын.