«Мемлекет басшысы экономиканың кейбір секторындағы кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырған еді. Ертеңнен бастап барлық облыста және 1 мамырдан бастап Шымкент қаласында өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, көлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар, автосалондар мен СТО-лар, екінші деңгейлі банктер, нотариустер мен ХҚО-лар жұмысын бастайды», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде төтенше жағдай режимі биылғы 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтты. Сонымен қатар 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасында әуе рейстері қайта ашылатын болды.