Ертеңнен бастап солтүстік аймақтарда аяз күшейеді
23:40, 17 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ мамандары солтүстік өңірлерде ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейтінін болжады.
Синоптиктердің болжамынша, 18 ақпаннан бастап циклонның тылына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклон тарай бастайды, бұл еліміздің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18–23 градус аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15–20 градус жылыға дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады.
Бүгін ауа райына байланысты үш облыста жол жабылды.