«Ертіс» ӘКК ҚХР өкілдері үшін танысуға арналған кездесу ұйымдастырды
21:07, 06 Мамыр 2009
СЕМЕЙ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесі Тарбағатай аймағының өкілдерімен Қазақстан аумағындағы және сол сияқты Қытай аумағындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Танысу сапары ауқымында өткен кездесуде аймақтың вице-губернаторы Маматжан Абула төрт жылдан бері қытай компанияларының Шығыс Қазақстан облысының әлеуетін белсенді түрде зерттеп жатқандығын атап өтті. Қытай делегациясының пікірінше, ӘКК құрылуы келешекте бірлескен жобаларға ықтимал инвесторлардың қатысуына мүмкіндік береді. «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Алданиязов бүгінгі күні ӘКК-де тек отандық қана емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың да қатысуымен жүзеге асырылатын бірнеше жобаларының бар екендігін атап өтті. Қазір әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Алакөл көліндегі туризмді дамыту жөніндегі жобалармен жұмыс істеуге дайын. Алдын ала есептеу бойынша бұл мақсатқа 7-8 миллион доллар қажет. Бұл жерде үлкен сауықтыру кешені тұрғызылады. Келіссөздер барысында «осыған байланысты екі жақ та күш біріктіре алатындығы» атап өтілді.
Тараптар бақша өнімдерін өсіру және оларды экспорттау саласында Шығыс Қазақстан мен ШҰАӨ Тарбағатай аймағының ынтымақтастыққа бейілдігі байқалды. Вице-губернатор Маматжан Абуланың айтуына қарағанда, қазір ШҰАӨ-нің Бақты базасы аумағында өнімдерін толық көлемде экспортқа шығарып жатқан 4 500 жылыжай бар. «Дағдарысқа қарамастан бақша өнімдерін экспорттау өсе түсуде. Сондықтан да, ынтымақтастықтың осы саласының келешегі мол», - деп атап көрсетті М.Абула.Сондай-ақ кездесу барысында жерасты байлығын игеру саласында бірлескен кәсіпорындар ашу, әуе байланысын орнату мәселелері де талқыланды. Дегенмен, «Ертіс» ӘКК-нің мәліметі бойынша бұл мәселелер ҚХР-дың ШҰАӨ Тарбағатай округы губернаторының осы жылғы мамырдағы сапары кезінде жан-жақты талқыланбақ.