«Ертiс» ӘКК ШҚО-дағы алты кен орнын бірлесіп игеруге конкурс жариялады

None
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Ертiс» ӘКК» АҚ Шығыс Қазақстандағы алты кен орнын бірлесіп игеруге конкурс жариялады,

деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Бұлар - «Знаменское» кен орнындағы шыны-кварц құмдары, «Қараөткел» далалық саз кен орны, Выдрихин даласындағы полиметалдар кен орны, «Чанг» және «Шарық» алтын кен орындары, сондай-ақ «Қойтас» учаскесіндегі мыс-никель кеніші. ӘКК геологиялық ақпарат бумаларын алғаннан кейін конкурс жариялайды, оған барлық мүдделі компаниялар қатыса алады.