«Ертiс» ӘКК» ҰҚ» АҚ басқармасының құрамында өзгерістер болды
16:54, 07 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - «Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ» директорлар кеңесінің екінші ашық отырысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының құрамындағы өзгерістерді бекітілді,
деп хабарлайды ӘКК баспасөз қызметі.
«Ертiс» ӘКК» ҰҚ» АҚ басқармасы
Көшербаев Ермек Беделбайұлы - басқарма төрағасы;
Сухорукова Вера Николаевна - басқарма төрағасының орынбасары;
Ұранқаев Нұрлан Тельманұлы - басқарма төрағасының орынбасары;
Омаров Нұрлан Срайылұлы - басқарма төрағасының орынбасары;
Жапарова Қымбат Борисқызы - атқарушы директор.