Ертіс ауданында балық аулап жүрген 64 жастағы зейнеткер ажал құшты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс ауданында балық аулауға барған 64 жастағы зейнеткер суға батып, көз жұмды.

 Бұл туралы облыстық ТЖД басқармасының мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 «Ертіс ауданында Ынтымақ ауылынан төрт шақырым жерде 1953 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Бірнеше сағаттан соң куәгерлер балықшының денесін өзеннен алып шықты», - дейді олар.

Павлодар облыстық ТЖД өзен жағасындағы қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ертіс ауылында судан ажал құшқан 64 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын.