Ертіс ауданында егін орағына барлық техника шығарылды - Павлодар облысы
Қыркүйектің бірінші онкүндігінің қорытындысы бойынша 90 000 гектар алқаптың егіні орылды, бұл жалпы егістік танабының 57 пайызын құрайды. Егін орағында «Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік, «Солтанбет» шаруа қожалығы және Ағашорын селолық округінің шаруашылығы көш басында келеді.
Аудан бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 7 центнерге жуық. Қарақұдық және Тоқты селолық округтерінің шаруашылықтарында айналымнан 8 центнерден түсіруде. Егін орағының қарқыны артып келеді, ертістік егіншілер жауын-шашын басталғанша, астықты жинап алуға асығуда.
Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, облыста 246 мың гектардың егіні бастырылып бітті (алқаптардың 53 пайызы), ал астықтың шығымдылығы 6,6 центнер/гектарды құрап отыр.