Ертіс ауданында екі азамат заңсыз орман отап ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы орманды қорғау және жануарлар мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов Ертіс орман алқабынан заңсыз орман отаған екі азаматты қолға түсірді.

Куәгердің айтуынша, орман отағандар Павлодар ауданы Заря ауылының 20 жасар тұрғындары болып шықты. Олар ұрлаған ағашты мотоциклге салған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 
" Орман ұрыларын ағашты арнайы құрылғымен кесіп жатқан жерінен кездестірдік. Содан кейін жігіттерді оңтүстік полиция бөлімшесіне тапсырдық. Қазақстан Республикасы «Орман ағашын жою немесе зақым келтіру туралы» кодексінің 340-бабы бойынша хаттама толтырылды. Жағдайды естіген жас жігіттердің ата-әжелері олар үшін кешірім сұрап, босатуды өтінді", - дейді Аждар Жүсіпов.

Мамандардың айтуынша, өткен он айдың ішінде заңсыз ағаш ұрлау бойынша 22 жағдай тіркелген. Оның 17-сі құқық қорғаушылардың қолына түсті.