Ақынның туған жері Үлгілі ауылының селолық клубында өтетін Иса Байзақовтың құрметіне арналған ақындар айтысына өңірдің үздік суырып салма ақындары бас қосады, деп хабарлады Ертіс ауданының әкімдігінен.
Көркемөнерпаз әртістер ақынның мерейтойына оның туындылары бойынша қойылған «Айқас» спектаклін дайындап жатыр. Иса Байзақовқа арналған театрландырылған қойылым, ат спорты түрлері және күрес бойынша жарыстар өтеді.
Ал ауыл кітапханасында жыл басынан бері осынау мерейтойға арналған тақырыптық көрмелер, әдеби кештер, оқырмандар конференциясы және мәнерлеп оқу шеберлерінің конкурстары өткізіліп келеді. Аудандық Мәдениет үйінде ақын туындыларының көрмесі ашылды.