Келешегі жоқ ауылдардан қоныс аударатын тұрғындар үшін ауданға 300 млн. теңгеге жуық қаржы аударылды. Осы жылдың соңына қарай отыз отбасы жаңа жайлы үйлерде қоныс тойларын атап өтпек.
Ертіс ауданынының ауылдарында бұған дейін де жаңа үйлер салынып келеді - шаруа қожалықтары өз қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуде. Биыл Бұланбай ауылында «Алтай-Қарпық, Сайдолла-Сарытоқа» қожалығы жылқышылар үшін екі екіпәтерлі үй тұрғызды.