Ертіс ауылы 100 жылдығын атап өткелі отыр - Павлодар облысы
Алдағы күзде мерекеленетін осынау тойдың қарсаңында онда үздік көшеге, үздік сквер мен аулаға конкурс жарияланады.
Еңбек ардагерлері, діни және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан мерейтойға әзірлік жөніндегі кеңесте ауыл көшелеріне атақты ертістіктердің есімдерін беру, ауданның дамуына айтулы үлес қосқан адамдарға «Ертіс ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ аудандық газеттерде Ертіс селосының тарихына, ауданның атақты адамдарына және село өміріндегі маңызды оқиғаларға арналған арнайы айдар ашылып отыр.
Ертістің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, сондай-ақ, екі жыл бойы қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан Александр Невский храмы салтанатты ашылады.