Ертіс ауылындағы мектеп жанындағы интернаттың балалары қоныс тойын тойлауда - Павлодар облысы
08:47, 21 Қаңтар 2009
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жөндеуден өткізілген екіқабатты оңаша тұрған үй Ертіс ауданының алыс ауылдарынан келіп оқитын интернат оқушыларының екінші үйіне айналып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ертістегі орта мектепте оқитын алыс ауылдың балалары бұған дейін ескі үйде қысылып-қымтырылып тұрып келген болатын. Аудан өкіметі енді балалардың жағдайын жақсартып отыр. Интернаттың жаңа жекенжайы 27 оқушыға арналған, онда жеті жатын бөлмесі, демалуға, сабақ оқуға арналған бөлмелер және асхана бар. Балаларды қоныс тойларымен аудан әкімі Владимир Левченко, мәслихат депутаттары мен жергілікті кәсіпкерлер құттықтады. Олар балаларға сыйлықтар табыс етіп, сабақтарын жақсы оқуларына тілектестік білдірді.