23 наурызда 22 сағат 40 минутта Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзенінің алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздеу жұмысына Ақтоғай ауданының № 15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органнан 2 адам және «102» қызметінен 1 адам шықты.
Оның барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында 1981 және 1963 жылы туған екі балықшы құтқарылды.
№ 15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері құтқарушылар Қайыр Бейнбет және Сапарғалиев Айдос балықшылардың қолынан демеп, қозғалуға көмектесті.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.