«Ертіс» ФК бас бапкері қызметінен шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық «Ертіс» ФК бас бапкері Жерард Нус қызметінен шеттетілді. Бұл жөнінде бүгін клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Еңбек келісімін мерзімнен бұрын тоқтату жұмыстары жүріп жатқандықтан, Жерард Нус команданың бас бапкері қызметінен шеттетілді», - дейді баспасөз қызметінде. - Негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып Дмитрий Кузнецов тағайындалды».

 Еске салайық, сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» жеңілгеннен кейін бірқатар республикалық БАҚ испандық маманның қызметінен кететіндігін жарыса жазған. Кейін «Ертіс» ФК әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Айта кетейік, бүгін «Ертіс» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды. Матч сағат 17:00-де басталады.