Павлодарлық ұжымның сапын толықтырған екеу - 34 жастағы жартылай қорғаушы Пірәлі Әлиев және 24 жастағы Рафкат Асылан.
Бұрын бірқатар қазақстандық командаларда өнер көрсеткен Пірәлі Әлиев бұған дейін де - 2015-2017 жылдары «Ертісте» ойнаған еді.
Рафкат Асылан бұрын «Тобыл», «Ақтөбе» және «Атырау» командаларында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, осы аптада «Ертіс» еурокубоктардан шығып қалған болатын.