Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде өткен тәулікте үш адам суға батып кетті. Алдын ала дерек бойынша барлығы мас күйде болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралыоблыстық ТЖД мәлім етті.

- 5 тамыз күнісағат 16:32-де Екібастұздың ауылдық аймағында Қ.Сәтпаев атындағы арнаданкуәгерлер 1983 жылғы ер адамның денесін алып шыққан. Болжам бойынша ол маскүйде суға шомылған.

Сонымен қатар,Павлодарда кеше екі адам кешкі уақытта Ертіс жағасында демалып жүріп суғакетті.

Департаменттіңмәлімдеуінше, шамамен сағат 19:30-да 48 жастағы әйел адам суға батып кеткен.Оны құтқаруға ұмтылған ер адамдардың бірі көз жұмды.

Алдын ала дерекбойынша, олар да мас күйде болған. Батып кеткендерді іздеумен екі жүзугеарналған құрал арқылы тоғыз құтқарушы айналысты. Айта кетейік, екі жағдай дашомылуға арналмаған жағалауда орын алған.

Соңғы жаңалықтар