Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды.
Сондай-ақ, бүгін түнде сағат 01.50-де Новосібір - Тәжікстан бағытында жолға шыққан көліктен 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды. «Оның біреуі - бала. Екі жағдайда да ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Setra және Yutong маркалы автобустардан 80 құтқарылды», - дейді департаментте.
Еске сала кетейік, кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын.