«Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті арнайы жедел іс-шаралар жүргізу барысында «Ертіс Орманы» РММ басшылығының заңсыз әрекетінің жолын кесті», - деп хабарлады облыстық ЭТД.
«Ертіс орманы» резерваты бас директорының орынбасары Қайриден Әбжатов ағаш кесушілердің бірінен карточкалық шотқа аудару арқылы 1 000 000 теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы алған», - деп атап өтті департаментте.
«Ақша ағаш кесу жұмыстары кезіндегі жалпы қамқорлыққа, сондай-ақ орманды тазарту бойынша жұмыстардың жаңа көлемін алуға төленген. Әбжатов алған ақшаны жеке мақсатына пайдаланған», - деп толықтырды департамент.
Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты Қ.М. Әбжатовқа орман шаруашылығы саласында 2 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.