«Ертіс орманы» резерватындағы орман өртін сөндіруге үш өңірден қосымша күш тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖМ күштері мен құралдары «Ертіс орманы» резерватында орман өртін сөндіруге жұмылдырылуда, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 200-ге жуық адамы және 50-ден астам техникасы жұмылдырылды.
Өрттің болжамды ауданы 800 га. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Орман өртін сөндіруге қосымша Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары 150-ге жуық адам және 30-дан астам техника жіберілді.
Өртті сөндіру қатты желдің салдарынан өрттің тез таралуымен қиындауда.