2023 жылғы 4 шілдеде сағат 15.28-де Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында жалпы ауданы 1,4 га құрғақ ағаштар жанды.
Орманшылар ішкі байланыс арнасы арқылы ТЖД қызметкерлеріне жедел ақпарат беріп, өрт сөндіру қызметі дереу төтенше жағдай орнына барды.
Оқиға орнында орманшылық қызметкерлеріне Павлодар облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы мен техникасы көмек көрсетуде.
Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің арқасында өрт сағат 18:05-те оқшауланды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қаупін азайту үшін өрт қаупі бар кезеңде орманда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.