- Патруль жүргізу кезінде сағат 15.20-да жедел құтқару жасағының үш қызметкері мұздың астына түсіп кеткен ер адамды жағаға алып шықты. Құтқарушылар оның көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген. Балықшы медициналық көмектен бас тартты. Бұдан басқа, 4 сәуір күні 78 жастағы тұрғын ажал аузынан аман қалды, - дейді Сергей Сытник.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хатшысы Гаухар Сыздықованың айтуынша, жыл басынан бері мұздың үстінен 24 адам құтқарылған. Оның 19-ы - бала.
"Тәулік бойы төтеншеліктер жергілікті полиция қызметімен бірге рейд ұйымдастырып, балықшылардың арасында мұздағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, демалыс және мереке күндері олардың саны екі есеге артады", - деді баспасөз қызметінде.
Иллюстрациялық фото