«14 маусым сағат 17.42 кезінде оқиға орнынан 11 шақырым жердегі Ертіс өзенінің Желпақ ағысы маңында құтқарушылар ер адамның денесін тауып, оны Ертістің сол жағалауына жеткізді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осылайша, құтқарушылар 11 маусымда Павлодар қаласының орталық жағажайында суға батып кеткен 24 жастағы Қытай азаматының денесін тапты.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оны 14 маусым күні сағат 08.50-де іздеп бастаған.
Суға батып кеткен азаматты іздеуге 6 құтқарушы, 1 қайық пен 1 машина қатысты.