«Бүгін 112 пультіне қайықтағы ер адамның Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының шекарасында, Шоқпар ауылынан сегіз шақырым жерде Ертіс өзенінде қалқып жүрген бойжеткеннің денесін көргені туралы хабар келіп түсті», - деді облыстық ТЖД.
Еске сала кетейік, 17 жастағы педагогикалық колледждің студенті 22 тамыз күні суға кеткен. Іздестіру жұмысына құтқарушылар, полиция мен еріктілер жұмылдырылды.