Өзен үстінен өткелдердің ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен оқиға, өйткені ауылдар арасындағы жол қысқарады, дайындалған пішен және отын тасымалдау жеңілдейді.
Үстіміздегі жылы ресми түрде Ақтоғай, Ертіс, Лебяжи және Май аудандарында төрт мұз жолы аудан әкімдерінің өкімдеріне сәйкес ашылды.
Ертіс ауылында мұз өткелі паромдық өткелдің орнында орналасқан, мұздың қалыңдығы 49-55 см, Ақтоғай ауылында жағажай ауданында орналасқан мұздың қалыңдығы 54 см. Облыстың басқа аудандарында мұз өткелдерін ресми ашуға әзірше рұқсат жоқ.
2017 жылы қаңтарда Железинка ауданының үш ауылдық округінде (Железинка, Башмачинск және Прииртышск) ашық мұзды өткелдер ашу жоспарланған.
Қазіргі уақытта ауа температурасының өзгеруінен барлық өткелдер негізінен жаяуларға және шаналарға арналған, ал автокөліктердің салмағы 2,5 тоннадан аспауы керек.
Өткен жылдағыдай мұз жолдары мен өткелдерін ұстау үшін пішен тасымалын ұйымдастыратын шаруа қожалықтарының басшылары жауапты болады.
Жергілікті басылымдар арқылы қөрсетілген өткелдер мен өтпе жолдардың орындары туралы, олардың жұмыс істеу кестесі, жауапты жеке және заңды тұлғалар көрсетілген ақпарат жеткізілді.
Бірақ рейдтер барысында құтқару бөлімшелері Ақтоғай ауданының Приреченка, Қожамжар, Мүткенов ауылдарында апаттық шана өткелдері, Қашыр ауданының Тереңкөл, Береговое, Песчаное, Байқоныс ауылдарында жаяу өтпе жолдарды анықтады.
Мұздың беріктігіне және оның қалыңдығына қарамастан, мұз өткелдерімен жүргенде өте абай болған жөн. Өткелдің үстімен жүру барысында көліктің жылдамдығы сағатына 10 шақырымнан аспауы керек.
Мұз өткелімен жүрген кезде көліктің есіктері ашық, қауіпсіздік белбеулері шешулі болуы қажет. Көліктің жолаушылары өзенді жаяу кесіп өтеді. Бір мезгілде екі автокөлік қозғалса, өткелге кірген кезде көрсетілген арақашықтық қатаң түрде сақтау қажет.