АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасы аясында өткен кездесуден кейін «Ертіс» пен «Црвена Звезда» (1:1) командаларының жанкүйерлері төбелесіп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Ертіс» командасының Инстаграмдағы «Север» атты жанкүйерлер тобының мәліметі бойынша, павлодарлық команданың 13 жанкүйері мен сербиялық 25 жанкүйер жарты минуттай уақыт төбелескен. Одан соң сақшылар араласып, ажыратып алған.
Еске сала кетейік, «Црвена Звезда» командасының «Delije» жанкүйерлер тобының мүшелері Еуропада да танымал.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.