Айта кету керек, әлеуметтік желілердегі видео түсірілген жер - өзеннің өзі емес, Ертіс өзенінің тармағы болып табылады.
Бұл жердегі су ағынды емес. Су қоймасындағы судың температурасы - 28 0С.
«Қазір құрғақ кезең және жауын-шашын жоқ. Сонымен қатар жоғары температура мен буланудың едәуір мөлшері осындай таяз су объектілерінің батпақтануына себеп болады. Судың «жасылдануының» себебі жоғарыда аталған факторлар деп санаймыз» дейді экологтар.
Экология департаменті мен «Қазгидромет» РМК филиалының зертханалары куәландыру үшін ластаушы заттарды анықтау мақсатында суды талдаудан өткізеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.