Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының хабарлауынша, Бұқтырма су қоймасына келетін судың артуына байланысты 19-21 маусым аралығында Бұқтырма және Өскемен ГЭС-тері су жіберу көлемін көбейтеді.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде судың арнасынан шығып кетуі және маңайды су басуы мүмкін, деп делінген ТЖД хабарламасында.