Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17:50-де кезекші бөліміне шұғыл хабар түскен.
«Куәгерлер құтқару қызметіне хабарласып, «Қаздар қонысы» табиғи ескерткішінің жанында ер адамның көпірден секіріп кеткенін айтқан. Тез арада оқиға орнына жеткен құтқарушылар 30 жастағы жігіттің мас екенін анықтады», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Кейіннен жігіттің көпірден секірмегені, мұз үстінде серуендеп жүріп, шомылу үшін өзеннің жылы ағысына әдейі сүңгігені белгілі болды.
Төрт құтқарушы судағы жігітті жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның жағдайы бірқалыпты.