ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семейде Ертістің бетіне қатқан мұздарды жарылғышпен қопару жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір Ертістің бойына жақын орналасқан елді мекендердің барлығында тәуліктік бақылау қойылған. Сеңнің жүруін видеоға төтенше жағдай қызметінің мамандары түсіріп алған.
«Біз үшін сеңнің өздігінен жүргені жақсы. Ал жарылыс жұмыстарын мұз кептелген тұстарда жүргізіп жатырмыз», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.