Аталмыш оқиға кездесудің 87-минутында болған. Қонақтардың шабуылы кезінде павлодарлық бойжеткен «Ертістің» қақпасынан бастап «Атыраудың» қақпасына дейін жүгіріп өтті. Тәртіп сақшылары соңынан жүгіргенімен, жете алмады. Алаңның арғы бетінде тұрған полиция қызметкері оны ұстап алды. 25 жастағы қыз туған командасы үшін қатты қуанғанын және сол үшін осындай қылыққа барғанын айтты.
«Осы факті бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды және соттың қаулысымен ол 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын футбол матчын өткізу кезінде ережелерді мүлтіксіз сақтау керектігі туралы ескертеді. Айта кетейік, Қазақстанның кәсіби футбол лигасы жанкүйерінің қылығы үшін «Ертіс» клубына айыппұл салуы мүмкін.
Фото әлеуметтік желідегі ФК АТЫРАУ/FC ATYRAU парақшасынан алынды