Павлодар облысында 126 ауылдық округ пен ауылдық кент бар. Ауыл әкімдерін сайлау үрдісі басталған 2021 жылдан бері оның 109дада, яғни, 86 пайызында сайлау өтіпті. Мәселен, жыл басталғалы Павлодар және Екібастұз қалаларының ауылдық аймағында, сонымен қатар тағы 7 аудандағы ауылдарда жиыны 14 әкім демократиялық тәсілмен ауысқан. Павлодар облысы осы екпінмен 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдық окрутердің әкімін сайлап шығады.
Биыл сондай-ақ тағы 4 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ауылдарда сайлау өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатқаны туралы хабарлаған едік.