Ертіс – достық өзені: Абай облысында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтіп жатыр

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Мемлекет басшысының бастамасымен Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы «Ертіс – достық өзені» шарасынан басталды. 

Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Аудан басшылығы, кент тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық орталықтар, жастар, мектеп түлектері, мекеме қызметкерлері және зиялы қауымның қатысуымен кент көшелері мен Ертіс өзенінің жағасында сенбілік өтті.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Шүлбі кенті ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бейсен Лепсібаев жиналғандарға алғысын білдіріп, бастама бір реттік акция болмауы тиіс екенін айтты.

Фото: Абай облысының әкімдігі

— «Таза Қазақстан» акциясын өткізудегі мақсат — табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, елді мекендерді абаттандыруды, көгалдандыруды тұрақты жүргізу. Бұл — біздің ұлттық құндылықтарымыздың бейнесі. Халқымыздың бір шаңырақ астындағы достығы мен өзара түсіністігі жалғасып, еліміздегі бейбітшілік әрқашан берік болсын, әрқашан бірлік болсын, -дейді еңбек ардагері.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызып, орталық көшелер мен Ертіс өзенінің жағалауына экологиялық тазалау жүргізді. 

Акцияға 300-ден астам адам қатысты. Арнайы техниканың көмегімен 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

— «Мөлдір бұлақ» апталығы біздің ауданда өтіп жатыр. Осы апта — «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі және біз де оған қатысуға шешім қабылдадық. Көшелер мен аумақтарды тазалауда ғана емес, қарттарға да көмектесіп, жастарға үлгі көрсетеміз, — деді Жастар кеңесінің мүшесі Айнұр Сатыбалдинова.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы ұсынған бастаманы Жаңасемей ауданының жастары Бородулиха ауданының жастарына жолдап, табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Облыста барлығы 1 068 су ағыны мен өзен, 55 көл, сондай-ақ 95 гидротехникалық құрылыс бар.

Фото: Абай облысының әкімдігі