Дәуір Ерғабылов павлодарлық «Ертіс» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы аталған футбол клубынан хабарлады.
— Дәуір Қуатұлы өңірдің спорт саласында еңбек еткен, басқарушылық тәжірибесі қалыптасқан маман. Әр жылдары «Астана» мұз сарайы директорының орынбасары, жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Павлодар облысының дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды, — деп мәлімдеді «Ертіс» футбол клубынан.
Футбол клубының ақпарынша жаңа басшы бүгін ойыншылар мен жаттықтырушылар штабына және футбол клубы ұжымына таныстырылды.
Еске сала кетейік, «Атырау» футбол клубының жаңа иесі белгілі болды.