Мұрат Тілешов өз спорттық мансабында еліміздің тоғыз клубында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ Премьер-лиганың бірнеше дүркін үздік сұрмергені болды.
Оның ерекше кезеңі павлодарлық «Ертіспен» байланысты. Ол клуб сапында төрт маусым ойнап, алғашқы жылы-ақ чемпион атанып, турнирдің үздік сұрмергені болды. Жалпы, «Ертіс» сапында 143 матч өткізіп, 56 гол соққан.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында еңбек етті. «Шахтер», «Астана», «Тұран» және «Оқжетпес» клубтарында басшылық қызметтер атқарды.
Павлодарлық клуб оның жинақтаған тәжірибесі «Ертістің» дамуына және команда әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосады деп сенеді.
Бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа директор тағайындалды.