Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Кирилл Альшевскиймен арадағы еңбек шарты тараптардың өзара келісімі негізінде тоқтатылғанын ресми түрде хабарлайды. Маманмен бірге жұмыс істеген жаттықтырушылар құрамы да командадан кетті. Клуб басшылығы Кирилл Петрович қол астындағы жаттықтырушылар құрамына атқарған еңбекетері үшін алғыс айтып, алдағы мансабтарына сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.
«Ертіс» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып уақытша Валерий Белгібаев тағайындалды.
Айта кетсек, беларусь маманы бұл қызметке қаңтар айында келді. Оған дейін тәжірибелі бапкер әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» Минск сияқты клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді.
Альшевскийдің басшылығымен борисовтік «БАТЭ» ұлттық аренада чемпионаттың күміс жүлдегері және Беларусь Кубогының иегері ретінде маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, Беларусь футболының флагманы мәртебесін растады.
Маманның соңғы жұмыс орны мәскеулік «Велес» болды.
Айта кетсек, Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті.