Ертіс орманы резерватында бұзауымен суатқа келген бұлан бейнежазбаға түсіп қалды. Орман қорғау мекемесінің мамандары орнатқан бейнекамерада жануардың емін-еркін жайылып жүргені байқалады.
Аңшылықтанушылар орман алаңшықтарындағы су көздерін үнемі тазартып отырады. Орманшыларыдң айтуынша, бұл соңғы жылдардағы құрғақшылық кезеңінде өте маңызды шаруа. Орманда су көп болса, резерват аумағын мекендейтін жануарлар үшін орта жайлы бола түседі. Бүгінде резерват аумағында шамамен 50-ден астам жасанды суат бар.
Соңғы есептерге сүйенсек, Шалдай ормандарында 193 бұлан мен 720 елік бар. Тұяқты жануарлар көбіне орманның алаңшықтарын мекендейді.
Еске сала кетейік, Павлодарда елік атқандар сотталды.