Ертіс орманы аумағында бұланның аталығы жүріп бара жатқан көлікті байқап, біраз уақыт оның соңынан жүгіргені камераға түсіп қалды.
Мамандар күйек кезеңінде жабайы жануарлардың мінез-құлқы тосын әрі қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұланды кездестірген жағдайда оған жақындамаңыз, көліктен шықпаңыз және оның назарын аударуға тырыспаңыз. Қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарға еркін кетуге мүмкіндік берген дұрыс.
Еске сала кетейік, Ертіс-Баян өңірінде бүгінде 300-ге жуық бұлан бар.
Күзден бастап Ертіс орманы аумағына кіру ақылы болады.