Қазбек Қасымұлы Әметов 1977 жылы 12 наурызда дүниеге келген.
Білімі - жоғары, орман шаруашылығы, құқықтану және іскерлік басқару магистрі.
Орман шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады. Әр жылдары орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық қызмет атқарған.
Орман шаруашылығы саласы бойынша халықаралық деңгейде тағлымдамадан, тәжірибе алмасу мен біліктілігін арттыру курстарын тәмәмдаған.
Бүгінгі таңда Павлодар қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетейік, пара алды деген күдікпен «Ертіс орманының» бұған дейінгі басшысы қамауға алынды.