Ертіс өзеніне ластанған судың құйылып жатқаны туралы бейнежазбадан соң Павлодар қаласының тұрғындары ішіп отырған ауызсудың сапасына алаңдай бастаған болатын. Қала халқы толығымен өзен суын тұтынады.
— Біздің мекеменің зертхана мамандары Ертіс өзенінен су сынамаларын алып тексерді. Зерттеу нәтижелері бойынша судың сапасы қолданыстағы санитарлық нормалар мен Санитарлық қағидалар талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды. Нормативтік көрсеткіштерден ауытқулар табылған жоқ. Тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ, — деп хабарлады «Павлодар-Водоканал» мекемесінен.
Бұған дейін Ертіс өзенінің жылы ағысы мұнай өнімдерімен ластануы мүмкін екені туралы жазғанбыз. Қазір экологтар өзен суынан сынама алып, зерттеп жатыр. Оның нәтижелері алдағы күндері белгілі болады.