Ертіс өзенінің Павлодар ауданы Сычевка ауылы маңынан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1979 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан алып шықты.
- Төрт күнге созылған іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар қайықпен Ертіс өзенінің оң және сол жағалауының 83 шақырымын шолып, тексерді. Эхолоттың көмегімен 16 900 шаршы метр су айдыны зерттелді. Жағалау бойымен жаяу 10 шақырым жол жүрілді. Сүңгуірлер 34 рет нүктелік сүңгу жұмыстарын жүргізіп, өзен түбінің 3 400 шаршы метр аумағын тексерді, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.
Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Бұған дейін Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адам іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.