Ертіс өзеніне батып кеткен кеме капитанының денесі табылды
12:38, 31 Мамыр 2024
ПАВЛОДАР. KAZINFORM —Павлодарда абайсызда кемеден құлап, жазым болған капитанның мәйіті үш аптадан соң табылды. Құтқарушылар оны өзеннің төменгі ағысынан алып шықты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 мамыр күні Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында кеме капитаны абайсызда палубадан құлап, суға батып кетті.
Ертіс өзенінің жаға шегінде құтқарушылар іздестіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келді.
Олар суға сүңгімей-ақ, жүзу құралдары мен эхолоттың көмегін пайдаланып, өзен түбін сүзді.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, құтқарушылар марқұмның мәйітін судан тауып, алып шықты.
Мәйіт Ертіс өзенінің төменгі ағысынан табылған.